Перейти к содержимому
· 16 просмотров

Жертөлеге құлап, жазым бола жаздады

Маңғыстау облысында оқыс жағдай болды. Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылында сарайдың едені кенет опырылып, сол сәтте нысанның ішінде болған 10 адам жертөлеге құлап кетті. Облыстық аурухана баспасөз қызметінің хабарлауынша, жапа шеккен 9 адамға медициналық көмек көрсетілген. Олардың екеуі нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Аталған дерек бойынша құзырлы органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Нейрохирургия бөліміне түскен 39 жастағы әйел бас-ми жарақатын алған. Ал 35 жастағы әйелдің мойын омыртқасы жабық сынғаны анықталды. Олар дәрігерлердің бақылауына алынды. Сонымен қатар осы оқиғадан зардап шеккен тағы 7 адамға медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем алуға жіберілді.

← Все новости