Құзырлы органдар «ықпалды адамдардың» жанжалын тексеріп жатыр. Желіде бір топ ер кісі мен әйел адамның жол үстінде төбелесіп жатқан видеосы тарады. Бейнежазба авторының сөзінше, соққыға жығылғандардың арасында Степногорск қаласы прокуратурасының қызметкері болыпты. Сол үшін кінәлілер жазасыз қалды деп ашынған. Осы орайда Ақмола облыстық прокуратурасы аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. Алайда жанжалға әріптесінің қатысы бар-жоғын растаған да, теріске шығарған да жоқ. Анығы, оқиға осы демалыста қаладағы ойын-сауық мекемелерінің маңында болған. Тараптар полицияға бір-бірін танитынын әрі ешқандай шағымы жоқ екенін айтып тарқасқан.