Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Асу азабы артта қалды

Жамбылдағы «Күйік асуына» көтерілгенде көліктер қиналып, қозғалтқыштары қызып кететін. Әсіресе, асудан өту шетелдік жүк көліктері үшін үлкен мәселе еді. Бұл түйткіл Әулиеата өңірінде 56 жылдан кейін шешімін тапты. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы ескі жол қайта жаңғыртылып, тақтайдай тегіс асфальт төселді. Енді Ресей, Қытай және Қырғызстан бағытындағы фуралар емін-еркін қатынай алады. Мамандардың айтуынша, қыста ауа райының қолайсыздығына байланысты трассада тәулік бойы тұрып қалатын жүк көліктерінің мәселесі де шешілген.

БЕКБОЛАТ ОРЫНБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Ескі асудың қайта күрделі жөндеуден өтуі оңай жұмыс емес. Көліктер, әсіресе ауыр көліктер тоқтап қалатын. Бұл жерде енді басты жолдың екінші резерві болып табылып отыр. Жамбыл жерінде осындай жобалар іске асырылса, біз соған қуанамыз.

Ал сыннан көз ашпайтын «ҚазАвтоЖол» бір жылға жетпей тауды қазып, жол салған. 12 шақырым жолды асфальттауға бюджеттен 7 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Енді халықаралық бағыттағы жүк тасымалы әлдеқайда жеңілдей түспек.

ДАРХАН ИМАНАШЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жобаны 10 айдың ішінде іске қостық. Пайдалануға берілгеннен кейін көріп жатырмыз, мұның қажеттілігі мол. Себебі тәулігіне 4,5 мыңнан астам жүк көлігі өтеді бұл жоба арқылы.

← Все новости