Перейти к содержимому
· 16 просмотров

Кибер алаяқтарға тұсау салынбақ

Технология дамыған сайын трансұлттық қылмыс тамыр жайып барады. Араны ашылған алаяқтар интернет арқылы миллиондаған адамды мұзға отырғызып, жиған-тергенін қағып алып жатыр. Ақордада «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев осы түйткілге баса назар аударды. Президенттің сөзінше, маңызды сауда жолдары тоғысқан біздің аймақ қылмыстық топтардың басты нысанасына айналып отыр. Цифрлық жүйені шебер меңгерген халықаралық синдикаттар ақша жылыстатып, есірткі тасымалы мен адам саудасын да өршітіп отыр. Сондықтан бұл қауіпке тосқауыл қоюда жалғыздың үні шықпайды, деді Мемлекет басшысы.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Күш-жігерді біріктіру, ақпарат алмасу, институционалдық ықпалдастықты нығайту және заманауи технологияларды енгізу арқылы ғана бұл сын-қатерлерге қарсы тұра алатынымызға сенімдімін. Қазақстан қауіпсіздік саласындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуді дәйекті түрде қолдайды. Біз азаматтарымызды қорғау мен елдерімізді орнықты дамыту бағытындағы ашық диалогқа, үздік тәжірибелерді алмасуға және бірлесіп шешім қабылдауға дайынбыз.

Кездесуге қатысушылар өзара байланыстарды жолға қоюға, кәсіби қарым-қатынастарды дамытуға және құқық қорғау органдарының қызметіне заманауи технологияларды енгізуге ниетті екендерін жеткізді.

← Все новости