Перейти к содержимому
· 28 просмотров

Көл ортасында адамдар қалып қойды

Көкшенің тұмса табиғатына тамсанамыз деп барған қонақтар көлдің ортасында қалып қойды. Жағажайдан паромға жайғасқан жұрт жағадан 700 метр ұзағанда, техниканың қозғалтқышы бұзылып, Қопа көлінің қақ ортасында тұрып қалған. Абырой болғанда, сол маңда патрульдеп жүрген төтеншеліктер істен шыққан көлікті көріп, бірден құтқаруға кіріскен. Зардап шеккендер жоқ екен. Су үстінде серуенге шыққан 25 адам, соның ішінде 10 бала аман-есен жағалауға жеткізіліпті.

НҰРЛАН ХАДЖИМУРАТОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Құтқарушылардың күшімен паром жолаушыларын эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Жағаға 25 адам, оның ішінде 10 бала аман-есен жеткізілді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Ақмола облысы ТЖД-нің 2 жүзу құралы мен 4 қызметкері жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

← Все новости