Перейти к содержимому
· 29 просмотров

Әскерге жаңа оқу бағдарламасы енгізіледі

Алматыда Қорғаныс министрлігінің жиыны өтті. Онда сала басшысы Дәурен Қосанов армияны шұғыл цифрландыру және заманауи соғыс талаптарына сай қайта жарақтандыру жайына тоқталды. Күн тәртібіндегі басты мәселе — әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін нығайту, соққы беруші дрондарды жетілдіру, жаңа артиллерия мен әскери техниканы жаңғырту. Бас штаб бастығының сөзінше, әскерді оқыту бағдарламасы түбегейлі өзгеріп, «Бес қару» атты жаңа жүйе енгізіледі. Сонымен қатар жиында армиядағы темірдей тәртіп, сарбаздардың моральдық рухын және қару-жарақ қоймаларының қауіпсіздігін күшейту мәселелері қозғалды. Бұл дайындықтың сапасы алдағы «Батыл тойтарыс-2026» атты стратегиялық оқу-жаттығу жиынында сыналмақ.

АСҚАРБЕК МАНАБАЕВ, ЖЕДЕЛ ЖОСПАРЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Алқа қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі әскерлердің жауынгерлік қабілеті мен жауынгерлік әзірлігін одан әрі арттыру, қару-жарақ пен техниканы ұқыпты ұстау, мотор ресурстары мен оқ-дәрілерді орынды жұмсау, Қарулы күштердің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірқатар міндеттер қойды.

← Все новости