Перейти к содержимому
· 25 просмотров

Ғашығының көзіне ең көп шөп салатын өңір қайсы?

Екінші жартысының көзіне ең көп шөп салатын өңір анықталды. Қазақстандық қоғамдық даму институтының Әлеуметтік зерттеулер орталығы ерлі-зайыптылар арасындағы адалдықты тексеру үшін арнайы зерттеу жүргізіпті. Сауалнамаға 2400 респондент қатысқан. Нәтижесі таңғалдырмай қоймайды. Сұраққа жауап берген әйелдердің 1 пайызы опасыздыққа жол бергендерін айтыпты, ал жұбайының көзіне шөп салған ерлер саны бұдан 4 есе көп. Осы орайда аймақтар бойынша сүйгенінің сезіміне селкеу түсіретін ер адамдардың басым бөлігі Маңғыстауда тұрады екен. Басқа өңірмен салыстырғанда, осы жақтың азаматтары мұндай қадамға 3,5 есе жиі барады дейді. Сондай-ақ, Абай мен Солтүстік Қазақстан облыстары үшін де ерлердің опасыздығы шамамен әр 10-шы тұрғын үшін қалыпты саналады екен.

← Все новости