Перейти к содержимому
· 24 просмотра

Дәрі-дәрмек тағы қымбаттайды

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы екі есе қымбаттауы мүмкін. Қазір денсаулық сақтау саласына бірыңғай салық мөлшерін енгізу жағы қарастырылуда. Бұған дейін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру аясында көрсетілетін қызметке қолданылып келген нөлдік қосымша құн салығы жойылуы мүмкін. Бұл мәселе салық реформасы жөніндегі жобалық кеңсенің кезекті отырысында талқыланды. Жиналғандар дәрі-дәрмекке бірыңғай қосымша құн салығын енгізу қажет деген пайым жасағанымен, әзірге оның мөлшері нақты емес. Жалпы, елімізде қазір дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға 5 пайыздық төмендетілген қосымша құн салығы қолданылып отыр. 2027 жылдан бастап оны 10 пайызға дейін көтеру жоспарланған. Ал тегін медициналық көмек пен дәрі-дәрмек салықтан мүлдем босатылған.

← Все новости