Перейти к содержимому
· 25 просмотров

Шетелдік студенттерді бопсалаған

Шетелдік студенттерден ақша бопсалаған. Ақтөбенің полицейлері 28 жастағы ер адамды жәбірленушілерден ақшаны алып жатқан кезде ұстап алды. Күдікті олармен 10 күн бұрын танысқан екен. Бірге демалып, арқа-жарқа болып дәмханада отырыпты. Кейін есеп айырысар кезде ақшасы болмай, қасындағы студенттерді қорқытып, ұялы телефонды ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген. Бірнеше күннен соң тағы да 50 мың теңге бопсалаған. Қазір күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

← Все новости