Перейти к содержимому
· 24 просмотра

Студентті пышақтап кетті

Талдықорғанда 20 жастағы студент пышақ жарақатынан көз жұмды. Ал оның өмірін қиған мектеп оқушысы екен. Екеуінің арасындағы жанжал таныстарының пәтерінде басталған. Оншақты жасөспірім сонда футбол көруге жиналыпты. Үйдегі текетірес сыртта жалғасқан. Сол кезде оқушы оған алты рет қатарынан пышақ сұққан көрінеді. Алған ауыр жарақаттарынан студент оқиға орнында тіл тартпай кетіпті. Қазіргі уақытта күдікті ретінде 17 жастағы бозбала ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікті азаматты ұстап, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы Жетісу облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

← Все новости