Перейти к содержимому
· 19 просмотров

Балаларын үтікпен күйдіріп, шанышқымен азаптаған

Шымкентте ұл-қызын үтікпен күйдіріп, шанышқымен азаптаған әйелге үкім шықты. Өзегін жарып шыққан балаларын әбден қинаған келіншектің кінәсі толықтай дәлелденіп, ол 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

АЛТЫН БІЛТЕБАЙ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қызып тұрған шанышқымен ерініне басып, күйдірген. Және үтікті қыздырып, үстіне шығып отырып, қызының ішіне басқан. Ұлының бетіне, жамбас тұсына, бірнеше жерден үтікпен басып, оларға тән азаптарын келтірген. Қыстың қақаған күнінде екеуін зорлап мұздай өзен суына түсіріп, сол жерде тұншықтырған.

Дегенмен, перзенттерін азаптап, айтуға ауыз бармайтын қылмыстар жасаған 30 жастағы келіншектің өзі бұл тым ауыр жаза деп отыр. Сот залында көз жасына ерік берген әйел мұндай қадамға күйеуім мен енемнен көрген қорлықтың кесірінен бардым деп ақталды.

ГҮЛМИРА ЕРГЕШОВА, СОТТАЛУШЫ:

Әркімнің үйінде ұрыс болады, мен жақтан да бар, күйеуім жақтан да бар. Бірақ мен 10 жыл көрген өмірімді енді жарылдым мен. Бала-шағамды мен мемлекетте қалуын сұранам. Аффект жағдайында болғам. Көзіме ештеңе көрінбей. Мені бір тиынсыз, күйеуім мені тастап Францияға кетіп қалды. Тамақ жоқ, үйде газ жоқ. Солардың кесірінен мен қатты ашуға берілдім.

Еске салайын, дүйім жұртты шошытқан жайсыз оқиға биыл қаңтар айында болған еді. Денелерінің сау-тамтығы қалмаған балалар басқа емес, туған анасынан қорлық көріп, ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Келіншек 8 және 10 жастағы ұл-қызының денесін бірнеше күн бойы ыстық үтікпен күйдіріп, шаштарын тықырлап, соққының астына алған. Болған жайт жайлы алғашқылардың бірі болып мұғалімдері біліпті. Оқушылар мектепке бармаған соң, ұстаздары балалардың үйіне келіп, дереу полиция мен жедел жәрдем шақыртқан екен.

← Все новости