Перейти к содержимому
· 1 просмотр

Бітімгерлеріміз тағы да Голан жотасына аттанды

Қазақстандық бітімгерлер тағы да Голан жотасына аттанды. Үшінші лекті салтанатты шығарып салу рәсімі Алматыда өтіп, шараға Қарулы күштердің ардагерлері, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысты. Сайдың тасындай іріктелген 139 жауынгер сол жақтағы екінші контингентті ауыстырады. Біздің жігіттер патрульдеумен, тосқауыл бекеттерін күзетумен, жарылыс қаупі бар заттарды жоюмен айналысады. Сондай-ақ БҰҰ персоналдарын алып жүру және эвакуациялау жөніндегі міндеттерді орындайды.

РИШАТ САДЫҚОВ, БІТІМГЕРЛІК МИССИЯҒА ҚАТЫСУШЫ:

Қазақстан Қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерлерінен құралған үшінші ұлттық контингент құрамы Голан биіктеріндегі бітімгершілік миссиясына аттанып бара жатырмыз. Біздің ол жақтағы басты тапсырмамыз — екі ел арасындағы бөлінуді бақылау болып табылады. Ол тапсырманы біз күнделікті патруль қызметтері, инженерлік қамтамасыз ету және де гуманитарлық көмектерді қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырамыз.

← Все новости