Тау арасына түнерде абай болыңыз! Жетісу облысында қоңыр аю туристер алаңсыз демалып жатқан шағын үйге шабуылдады. Әлеуметтік желіде жыртқыштың болат есікті жапырып, ішке енбек болған видеосы тарады. Жүрегіңді зу еткізіп, зәреңді алатын жағдай «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында болған. Сәтін салғанда, Аттапқан шатқалында айбарланып жүрген аюдан зардап шеккендер жоқ. Өйткені, әдетте қорбаңбай адамдарға шабуыл жасамайды екен. Тек тамақтың иісін сезіп, осы аумаққа келіпті.