Перейти к содержимому
· 12 просмотров

Көп жалақы сұрайтын мамандар кімдер?

Елімізде жұмыс берушілер ұсынған жалақыны менсіне қоймайтын мамандар да бар екен. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең жоғары еңбекақыны қалайтындардың тізімін жариялады.

Көш басында ұшқыштар тұр. Компаниялар оларға 2 млн теңгеге жуық жалақы бергісі келсе, олардың қалауы 3 млн 900 мыңға жеткен. Одан кейін бортсеріктер 2 млн 100 мың, жақ-бет хирургі мамандары 2 млн теңгеге жуық айлық алғысы келетінін көрсеткен.

Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104 мың 700 вакансия жариялап, ал жұмыс іздеушілер 123 мыңнан астам түйіндеме жіберген. Кадрларға ең жоғары сұраныс білім саласында болып шықты. Одан кейін ауыл, орман және балық шаруашылығында, денсаулық саласында істейтін мамандарды іздеушілер көп болып тұр.

← Все новости