Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Зейнетақы шегі неге көтерілмек?

Зейнетақы жинағының жеткілікті шегін есептеуде инфляция ескеріледі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «қоржында» қалуы тиіс қаражат мөлшерінің көтерілу себебін түсіндіруге көшті. Келешегіміз үшін жиған-тергенімізге жауапты ұйым «қазір қолданыста жүрген әдістеменің осал тұстары баршылық» дейді. Мысалы, мұнда салымшылардың зейнетақы жарналарын аударатынына кепілдік жоқ көрінеді. Көп адам оны уақытында салмайды немесе мүлде салмай қоюы мүмкін. Сол себепті келешекте зейнетақы жеткіліксіз болып қалу қаупі бар. Тіпті жарналар толық төленген күннің өзінде, болжанған зейнетақы шамамен 50 мың теңге ғана болады, бұл қазіргі медиан жалақының 15%-ына да жетпейді екен. Сондықтан мекеме төменгі жеткілікті шекті анықтаудың жаңа жүйесін ұсынып отыр. Ол қартайғанда төленетін төлемнің жоғары болуын қамтамасыз етеді дейді.

ТЖШ анықтау үшін болашақ зейнетақы төлемінің ағымдағы құнын есептеудің классикалық формуласы пайдаланылатын болады. Басқаша айтқанда, жаңа формула бойынша жинақтардың ең аз сомасы, яғни мақсатты мөлшерде зейнетақы алуды қамтамасыз ету үшін салымшының жеке зейнетақы шотында болуы тиіс ТЖШ шамасы айқындалады. Сонымен қатар болашақ төлемдерді есептеу инфляция мен инвестициялық кірістің әсерін ескереді, яғни болашақ төлемдердің мөлшері инфляцияны ескере отырып нақты мәнде өседі, дейді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәлімдемесінде.

Еске салайын, жуырда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі зейнетақы қорындағы жеткіліктілік шек 79 пайызға дейін өсуі мүмкін екенін айтқан еді.

← Все новости