Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Құрбандық шалатын орындар тізімі

Биыл елордада құрбандық шалатын орындар белгілі болды. Астана әкімдігі санитарлық талаптарға сай келетін арнайы 5 жерді дайындап қойыпты. Олар: Байқоңыр ауданындағы «Шанхай», «Баракат», «Жайлау» базарлары мен «Шаушен» шаруа қожалығы. Сондай-ақ Алматы ауданындағы «Ет-Хан» цехында құрбандық шалуға рұқсат.

Айта кетейік, биыл мұсылмандардың ұлық мерекесі 27 мамырда басталып, үш күнге созылады. Алғашқы күні таңғы сағат 6-да мешіттерде айт намазы оқылып, артынша мереке аяқталғанша таңғы 7-ден бастап кешкі 6-ға дейін құрбандық шалынады.

← Все новости