Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Құрбандық шалатын орындар тізімі

Биыл елордада құрбандық шалатын орындар белгілі болды. Астана әкімдігі санитарлық талаптарға сай келетін арнайы 5 жерді дайындап қойыпты. Олар: Байқоңыр ауданындағы «Шанхай», «Баракат», «Жайлау» базарлары мен «Шаушен» шаруа қожалығы. Сондай-ақ Алматы ауданындағы «Ет-Хан» цехында құрбандық шалуға рұқсат. Айта кетейік, биыл мұсылмандардың ұлық мерекесі 27 мамырда басталып, үш күнге созылады. Алғашқы күні таңғы сағат алтыда мешіттерде Айт намазы оқылып, артынша мереке аяқталғанша азанғы жетіден бастап кешкі алтыға дейін құрбандық шалынады.

← Все новости