Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Гаражда тірідей жанып кетті

Қарағанды облысында 17 жастағы жасөспірім тірідей жанып кетті. Тағы екі жігіттің денесін күйік шалып, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Шахтинскідегі жұртты шошытқан жағдай кеш қарайғанда болған. Үш жігіт бензин алмақ болып гаражға кіріпті. Оны мотоциклге құймақ болған сәтте өрт тұтанған көрінеді. Жалаңдаған жалыннан жасөспірім жан сақтап үлгермепті. Өртке оранғандардың үшеуі де техникалық колледждің студенттері екен.

ЕЛДОС ЗИЯДА, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Өрт салдарынан гараждың шатыры, заттар және ішінде тұрған мотоциклдардың жанғыш бөлшектерінің жануы орын алды. Өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру кезінде гараждың ішінде 2008 жылы туған жасөспірімнің күйген мәйіті табылды. Бұл факті бойынша Төтенше жағдайлар департаментімен қылмыстық іс қозғалды.

← Все новости