Перейти к содержимому
· 13 просмотров

Лагерлерге талап күшейді

Елімізде алғаш рет балалар лагерлеріне ортақ тәртіп енгізілді. Енді демалыс және сауықтыру лагерьлері арнайы лицензия алуы тиіс. Оқу-ағарту министрлігі бұл талапты ата-ана баласына алаңдамауы үшін енгізілгенін айтты.

Лицензия бес жылға беріледі. Жұмыс істеу үшін демалыс орындарына қойылатын бірнеше талап бар. Әр лагерьде танымдық, сауықтыру бағдарламалары, білікті тәрбиешілер және дәрігерлер болуы тиіс.

Одан бөлек, барлық санитарлық нормаларды сақтап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қатаң назарда болады. Енгізілген жаңа тәртіп бір жағынан заңсыз жұмыс істейтіндерге тосқауыл болмақ. Қазір арнайы комиссия еліміздегі барлық балалар орталықтарының дайындығын тексеруге кірісті.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Все новости