Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Автоқоңыраудан құтылатын болдық

Қайта-қайта дыз етіп, көтере бергеніңде жым болып, жүйкені жұқартатын автоқоңыраудан ақыры құтылатын болдық. Әлгінде Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл мәселені Парламент мінберінде көтеріп еді, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі дереу іске кірісіпті. Бұдан былай автодозвонның орнына SMS хабарлама келеді. Әйтпесе, сіз хабарласқан абонент тұтқасын көтермеген жағдайда автоматты түрде әлсін-әлсін қоңырау келіп, ол жетпей жатып өшіп қалатын. Содан «сен неге хабарластың?», «маған неге звондадың?» деп бір-бірімізден сұрап, миымыз ашып жүретін. Қазіргі таңда жоба пысықталып жатыр екен.

← Все новости