Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Арызданып жүріп ақшасын өндіріп алды

Арызданып жүріп ақшасын өндіріп алды. Жетісулық бір топ тұрғын интернеттің нашарлығына шағымданып, ақыры жұмсалған қаражатын қайтарып алған. Бұл жөнінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлады. Тұрғындар алдымен интернеттің сапасыз екенін айтып, жеткізуші компанияға жүгініпті. Бірақ одан қайыр болмаған соң өздерінің құқығын біліп, құзырлы мекемеге шағым түсірген. Осылайша тұтынушыларға 315 мың теңге қайтарылыпты.

БОЛАТ ТАНАБЕРГЕНОВ, ҚР СИМ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жетісу облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Талдықорған қалалық сотына интернетпен байланыс бойынша сапасыз қызметтер үшін ақшалай қаражат сомасын өндіру мәселесі бойынша 10 тұтынушының құқығын қорғау үшін талап қою бастады. Нәтижесінде анықтама бойынша 10 тұтынушыға 315 мың теңге қайтарылды.

Маржан Нүсіпбек 

← Все новости