Перейти к содержимому
· 41 просмотр

Ақтөбеде тағы да жол апаты

Ақтөбеде түн ортасында ірі көлік апаты болды. Әбілқайыр хан даңғылында үш темір тұлпар соқтығысып, сау-тамтығы қалмаған. Жүргізушілер түрлі дене жарақатын алыпты. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға 22 жастағы екі жігітті жеткізіпті. Біреуіне шұғыл ота жасаған, екіншісі нейрохирургия бөлімінде ем алып жатыр. Қазір екеуінің де жағдайы тұрақты. Полицейлер саябақ маңында болған апатқа кім кінәлі екенін анықтап жатыр.

АЙДЫН ӘМІРОВ, ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ ВЗВОД КОМАНДИРІ:

Үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Соның салдарынан үш адам дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Осыған байланысты барлық жол қатысушыларынан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

← Все новости