Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Сәтпаев ұлттық құраманың ойындарына қатыса ма?

Футбол демекші, Дастан Сәтпаев ұлттық құраманың ойындарына қатыса ма? Бүгін бұл сұраққа Талғат Байсуфинов жауап берді. Бас бапкер тізімдеген 25 футболшының арасында «Қайраттың» жас жұлдызы бар екен. Бұған дейін Англияның табалдырығын аттағалы тұрған аяқдопшының алдағы ойындарға баруы белгісіз еді. Десек те, Қазақстан құрамасының Армения мен Венгрияға қарсы матчтарына қатысатын болды. Бұл ойындар алтыншы және тоғызыншы маусымға жоспарланған. Айта кетейік, Дастан Сәтпаев тамызда 18 жасқа толған соң «Челси» сапына қосылмақ.

← Все новости