Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Көршілер Америкаға аттанды

Солтүстік Америкадағы футбол тойының басталуына жарты айдан сәл-ақ астам уақыт қалды. Қазірдің өзінде мундиальға жолдама алған ұжымдар ақырындап мұхиттың арғы бетіне шығуға қамдана бастады. Алғашқылардың бірі болып, АҚШ жеріне Өзбекстан құрамасы аттанды. Көршіміз кеше Нью-Йоркке бет алды. Ал оған дейін құрама футболшылары үлкендерден бата алып, жанкүйерлердің ықыласына бөленді. Негізі Өзбекстан ұжымының бас бапкері италиялық маман Фабио Каннаваро доп додасына 30 спортшыны іріктеп, шақырған екен. Жаһан біріншілігі басталғанша олар екі бірдей жолдастық кездесу өткізеді. Көршіміздің қарсыластары да оңай емес. Алдымен Канада, көп ұзамай Нидерланды құрамасымен шеберлік байқасады. Ал мундиальдың өзінде ала шапанды ағайын Колумбия, Португалия және Конго Демократиялық Республикасымен бір топта сынға түседі.

← Все новости