Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Еліміздегі ірі күн электр стансасының құрылысы басталды

Түркістан облысында қуаттылығы 300 мегаватты құрайтын ірі күн электр стансасының іргетасы қаланып, құрылыс жұмысы басталды. Құны 160 млрд теңгелік жобаның жоспарымен облыс әкімі де келіп танысты. Келер жылы құрылысы аяқталып, іске қосылатын болса, өңірдің энергетикалық әлеуетін арттырады деп күтіліп отыр. Ал ол үшін қытайлық инвесторларға барлық жағдай жасалып, жан-жақты қолдау көрсетіледі. Бұл бастама екі елдің арасындағы байланыстың нәтижесі дейді жауаптылар.

ҒАЛЫМЖАН ҚАРСЫБАЙ, «SAURAN SOLAR POWER» КОМПАНИЯСЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы қол қойылған үкіметаралық келісім аясында жүзеге асырылып жатыр. Бізде заманауи технологиялар қолданылады. Бізде аккумулятор батареялар, энергия жинақтау құрылғылары қолданылады.

Бұл стансалардың тағы ерекшелігі — күннің сәулесіне байланысты бұрылып, жыл он екі ай жұмыс істей алады. Сауран ауданы да кездейсоқ таңдалмапты. Себебі бұл жер толық талапқа сәйкес келеді екен. Ал ауданда ауыл шаруашылығымен қатар, кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамуда. Қазірдің өзінде 140-қа жуық жоба іске асырылып жатыр екен. Ал қазіргі күн электр стансасының құрылысы кезінде 1000-ға жуық адам жұмыспен қамтылады. Кейін іске қосылғанда жергілікті тұрғындардың 50 мен 100 адамының тұрақты түрде осы нысанда еңбек етуге мүмкіндігі бар.

МАҚСАТ ТАҢҒАТАРОВ, САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бұл жоба 300 МВт электр жарығын беретін болады. Орташа есеппен айтатын болсақ, 100 мың халқы бар Сауран ауданына 25 МВт электр тұтынамыз. Яғни бұл 300 МВт бізге басқа да инвесторларды, басқа да аудандарды электр жарығымен қамтамасыз етуге толық мүмкіндігі бар. Яғни 10 ауданды электр жарығымен қамтамасыз ете алады.

Маржан Нүсіпбек

← Все новости