Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Көрші елмен сауда айналымы артты

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы 6,5 млрд долларға жетті. Бұл 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы нәтиже. Көршілермен арадағы алыс-беріс бір жылда 16,1 пайызға артқан. Дегенмен еліміздің осы елге экспорты 1,5 млрд долларға азайыпты. Сарапшылар мұны әлемдегі геосаяси ахуалмен байланыстырып отыр. Ал пайдалы қазбалар бойынша негізінен металл өнімдерін сатыппыз. Ресейді алюминий, мырыш, болат секілді шикізатпен қамтып отыр. Сондай-ақ азық-түлік өнімдерінің бір бөлігі нарығына жөнелтіледі. Ал сыртқы саудадағы сенімді серіктесімізден сатып аларымыз көп.

САЯН СҰҢҒАТҰЛЫ, САРАПШЫ:

2026 жылдың бірінші үш айында импорт 28 пайызға өсіп, 5 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Негізгі тауарлар деп біз өнеркәсіптік тауарларды атап өтсек болады, болат прокаты сынды. Сонымен қатар газ, мұнай өнімдері, уран сияқты шикізаттық өнімдерді атап өтсек болады. Сонымен қатар азық-түлік, тұтынушылық тауарларды импорттық қоржынымыздағы тауарлар. Оның ішінде қант, бидай, шоколад, нан өнімдері, тоқаш өнімдері, ұннан жасалған өнімдер және киім-кешектерді атап өтсек болады.

← Все новости