Перейти к содержимому
· 36 просмотров

Жасөспірімдер сақ болсын!

Алаяқтар енді жасөспірімдердің SIM-картасы мен аккаунттарын сатып алып, өз мақсаттарына пайдалануға көшкен. Сондықтан полиция кәмелет жасына толмағандарға ескерту жасады. Болмашы ақшаға қызығып, бөгде адамға нөміріңіз бен әлеуметтік желідегі парақшаңызды сатпаңыз. Мұндай әрекет қылмыскерге көмектесу болып саналады. Ақыр соңы жасөспірімнің өзі де жауапқа тартылуы мүмкін. Егер күмәнді әрекеттер байқасаңыз, бірден құзырлы органға хабар беру керек. Тағы Ішкі істер министрлігі егер біреу оннан аса SIM-карта сатып алғысы келсе де, ұялы оператор оның қажеттілігін растайтын құжат сұрайтынын мәлімдеді.

← Все новости