Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Шу қаласының ішіндегі шу

Жамбылдық жүргізушілердің жүйкесі жұқарып бітті. Шу қаласында бір айдан бері бағдаршамдар дұрыс істемей, бұқараның берекетін алған. Жұрт жол қозғалысын реттейтін жүйе бір күн жұмыс істесе, апталап, кейде айлап сөніп қалатынын айтады. Соның салдарынан тоғыз жолдың торабында апат та көбейген. Қазір Шу көшелерінде екі күннің бірінде көлік соқтығысып, бұл көрініс көпшілікке үйреншікті жағдайға айналыпты.

ЖАНДАР КӨПБАЕВ, ШУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бір күн жанса, он күн істемей тұрады. Шатасасың кейде. Жан-жағыңнан кеп қалады, қапталдан. Өзім мына жерден көремін, күнде ана бағдаршамға барсаң да соғысып жатады. Мына бағдаршамға да барсаң соғысып жатады.

Ал жергілікті билік өкілдері Шу өңірінде жарыққа қатысты мәселе барын мойындады. Айтуларынша, аудандағы электр желілері 80 пайызға тозған. Соның әсерінен жиі сөніп жатыр. Тек бағдаршам емес, тұрғын үйлер де жарықсыз қалып, халық тас қараңғыда май шаммен отыруға мәжбүр.

ЖАДЫРА КАЛИКОВ, ШУ АУДАНДЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Тоққа шуы бар. Себебі оны мойындау керек. Шу ауданында 80-90 пайызға жуық электр желілері ескірген. Ауданда, Шу ауданындағы. Соған байланысты тоққа шу да болады. Болашақта әрімен қарай жалғасын таба беретін сияқты.

Атқамінерлер аудандағы түйткіл алдағы бес жыл көлемінде шешімін табады деп сендірді. Себебі елді мекендерді электр желісімен қамтитын мекеме тозығы жеткен бағаналар мен ескірген сымдарды жаңартуға кіріскен. Мамандар бұл жұмысты алдымен ауыл-аймақтан бастапты.

← Все новости