Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Енді 14 жастан асқан балалар ресми түрде жұмыс істей алады

Елімізде 14 жастан асқан балаларға жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеді. Асқарбек Ертаевтің сөзінше, бүгінде 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1 жарым млн-нан асады. Соның ішінде 5 мыңнан астам оқушы ресми түрде еңбек етіп жүр екен. Олар сауда, ойын-сауық, демалыс және қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істейді. Басым көпшілігі курьер, сатушы-кеңесші және аниматорлықты меңгерген екен.

АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Жалпы 14 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балалардың ең көп саны оңтүстік аймақтарда: Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарында және Алматы, Астана, Шымкент қалаларында тіркелген. Оқушылар арасындағы жоғары жұмыспен қамтылғандар мегаполистерде байқалады. Ол республика бойынша жұмыс жасайтын балалардың 59 пайызын құрайды. Себебі ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының дені мегаполистерде орналасқан.

← Все новости