Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Ел спортшылары 11 медаль жеңіп алды

Ташкент төрінде өткен дүбірлі додада қазақстандық ММА шеберлері ел қоржынына 11 медаль салды. Сары құрлықтың басты бәсекесінде бақ сынаған отандастарымыз 4 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдені иеленіп, екі күндік жарысты қорытындылады. Еске салайық, биыл ММА спорт түрі тарихта тұңғыш рет Азия ойындарының ресми бағдарламасына еніп отыр. Отандық федерация басшылығының мәлімдеуінше, Өзбекстан астанасындағы бұл бәсеке алдағы Азиадада ел намысын қорғайтын негізгі салмақ дәрежелерін нақты анықтауға мүмкіндік берді.

← Все новости