Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Жаңа Конституция тағы талқыланды

Жаңа Конституция – елдің дамуына жол ашатын стратегиялық қадам. Әрі саясат сахнасына үлкен өзгеріс жасайтын жол. Бүгін елордада заң өкілдері басты құжаттағы жаңашылдықтарды талқылады. Практикалық конференцияға қатысқандардың бірі Ата Заңдағы азаматтық құқық, мемлекеттің қоғам алдындағы міндеті және қоғамды реттеу мәселелерін ортаға салса, енді бірі құқықтық тәртіп, қылмыстық заңнаманы жаңғыртуда Конституцияның ықпалы қандай болатынын айтты.

МАРАТ СӘРСЕМБАЕВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Бұл жаңа Конституция болғандықтан, олардың жаңа қағидалары бар. Жаңа бағыттары бар. Сондықтан конституциялық заңдар, жай заңдар, кодекстерге біраз өзгеріс енгізілу керек деп ойлаймын. Өйткені онсыз болмайды. Жаңадан қабылданған Конституцияның положениялары, нормалары бар.

← Все новости