Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Мемлекет басшысы МАГАТЭ бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады. Кездесуде Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен ықпалдастық перспективасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ ядролық қауіпсіздік пен күн тәртібіндегі жаһандық мәселелер көтерілді. Президент Қазақстан МАГАТЭ-мен ұзақ жылдар бойғы серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті. Жүздесу соңында Мемлекет басшысы арадағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Рафаэль Гроссиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Жанар Арғынова

← Все новости