Құрбан айт көрінген жерде төрт-түлікті қырған айт болып кетпесін. Бүгін мүфтият пен әкімдіктер бірлесіп мал соятын арнайы орындарды бекітті. Осы мақсатта Астана қаласында 5, Алматыда 12 жер белгіленген. Ал тұрғын үйлердің ауласында, көшеде, подъездерде және басқа да қоғамдық орындарда жандықты бауыздауға болмайды. Айта кетерлігі, бір қойды бір отбасы ғана құрбандыққа шала алады. Ал сиыр мен түйе 7 отбасының жүгін көтереді. Ал еттің үштен бір бөлігін мұқтаж жандарға тарату уәжіп. Дегенмен сауап аламыз деп күнәға батып жүрмеңіз. Еттің бұзылып кетпей, мұқтаж жандарға жетуін қатаң қадағалау керек. Ал құрбан шалудың жөн-жосығын білмесеңіз, барлық ақпаратты qurban.muftyat.kz сайтынан табасыз. Оған ерінсеңіз, барлығын онлайн істеуге болады.
МАҚСАТБЕК ҚАЙЫРҒАЛИЕВ, «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Онлайн құрбандық шалу рәсімі ол біздің цифрлы Қазақстанның тағы бір жетістігі. Адамдар өздері қай өңірден екенін, құрбан шалынатынын таңдап, сол өңірді белгілеп, ақшасын аударғаннан кейін оларға сіздің өтінішіңіз қабылданды деген SMS келеді. Содан кейін құрбан шалынатын күні осы адамға бекітілген ресми нөмір бойынша құрбаншылық шалынады. Оның бейнежазбасы болады.