Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Пилотсыз режимдегі жүк тасымалы іске қосылды

Қазақстан мен Ресей пилотсыз режимдегі алғашқы халықаралық тасымалды іске қосты. Жүргізушісіз басқарылатын жүк көліктері екі ел арасында 3000 шақырымды жүріп өтті. Рейс бір уақытта Мәскеу – Астана және Астана – Мәскеу бағыттары бойынша ұйымдастырылған. Тәулік бойы тоқтаусыз жүрген көліктер қос ел арасындағы қашықтық уақытын екі есе азайтқан. Сапар барысында жолдың цифрлық картасы, байланыс сапасы жан-жақты тексерілді. Мұндай жаңашылдық еліміздің транзиттік әлеуетін жаңа деңгейге жеткізуге толық мүмкіндік бермек. Жүргізушісіз жүк тасымалы қос ел арасындағы логистиканы жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге жол ашып отыр. Сарапшылар мұны көлік дәліздерінің тиімділігін арттыратын маңызды қадам деп бағалайды.

← Все новости