Парламент Мәжілісінің отырысында қандастарға қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Депутаттар көші-қон саласындағы жаңа құжатты қолдайтындарын жеткізді. Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде «қандас» мәртебесін беруге бағытталған пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Депутат Мұрат Әбенов кезінде іске асырылған «Серпін» жобасының нәтижелерін алға тартып, осындай бастаманы жалғастыру қажеттігін сөз етті. Ал Еңбек министрлігі ата жұртқа келген ағайынға қатысты құжат еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру мен демографиялық мүддесін қорғауға бағытталғанын мәлімдеді.
Үсен Астана