Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Трамп түпкілікті шешімді қабылдамай отыр

Трамп Иранға қатысты түпкілікті шешім қабылдамай отыр. Қарудың үнімен басталған қақтығыс қаламның ұшымен бітерін білсе де, Ақ үйдің иесі асығар емес. АҚШ әкімшілігі өкілдерінің айтуынша, екі сағатқа созылған кеңесте кейбір тақырыптар әлі талқыланып жатыр. Оның ішінде Иран активтерін бұғаттан шығару мәселесі де бар. Бұған дейін екіленген екі тарап жұмада елдесіп, Трамп тоқ етерін айтады делінген. АҚШ Иран порттарына шектеулерді алып тастап, Ормуз бұғазы еркін теңіз қатынасына айналуы тиіс еді. АҚШ президентінің айтуынша, Иранның байытылған ядролық материалы АҚШ пен МАГАТЭ-нің бірлескен күшімен жойылады. Ал Иранның Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Тегеран Вашингтонмен хабар алмасуды жалғастырып жатқанымен, нақты келісім әлі жасалмаған. АҚШ пен Иран арасындағы келісімнің тағдыры әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.

← Все новости