Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл кез келген мекемеге кіре алады

Енді бала құқықтары жөніндегі уәкілдер жеткіншектер орналасқан барлық мекемеге, соның ішінде жабық ұйымдарға да еш кедергісіз кіре алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің орынбасары Шынар Ақпарова мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа ереже буллинг пен балаларға қатысты қатыгездік жағдайларына жедел әрі тәуелсіз түрде әрекет етуге мүмкіндік береді. Осылайша, уәкілдер кез келген келеңсіз оқиғаны дер кезінде бақылауға алып, тиісті шешім қабылдай алады. Бұдан бөлек, министрлік дерегінше, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында 6 мыңнан астам жасөспірімге психологиялық және кәсіби көмек көрсетілген.

ШЫНАР АҚПАРОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлық өңірде психологиялық қолдау орталығы жұмыс жасайды. 100 пайыз мектепте қауіпсіз сабақтар өтеді. Және орталық байланыс арқылы QR код, 111-ге қосылған. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл институты буллинг, зорлық-зомбылық және балаларға қатыгездік көрсету жағдайларына басқа құрылымдардан тәуелсіз әрі жедел әрекет ете алатын тиімді тетік болып табылады.

← Все новости