Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Астанада көшенің қақ ортасында көлік өртенді

Бас қалада көшенің қақ ортасында тұрған көлік өртеніп, жақын маңда жүрген адамдар зардап шегіпті.

Куәгерлердің сөзінше, өрт сөндірушілер дереу жеткенімен, олар келгенше көлікте газ-ауа қоспасы жарылып, артынша автокөлік қызыл жалынға ораныпты. Салдарынан жақын жерде тұрған бірнеше машина бүлініп, 4 ересек адам мен бір бала зардап шеккен. Қазір олардың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты дейді дәрігерлер.

МАЛИКА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жақын маңда тұрған көліктерден жүргізушілер дереу түсіп, көмекке ұмтылды. Зардап шеккен кішкентай қызды да сол отқа оранған автоның ішінен шығарған сияқты. Жедел жәрдем келіп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқан. Біздің пәтеріміз оқиға орнынан алыстау болса да, жарылыс бізге дейін сезілді.

Өрттің әзірге неден тұтанғаны белгісіз. Осы орайда, төтенше жағдай мамандары тізгіншілерді темір тұлпардағы әрбір ақауға бейқам қарамауға шақырды. Қандай да бір кінәрат байқалса, дереу қалпына келтіру керектігін ескертті.

← Все новости