Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Алаяқтардың көзі зейнетақы қорындағы ақшаға түсті

Алаяқтар қартайғанда қажет ақшамызға да ауыз сала бастады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларды алдап соғатын жаңа схема пайда болғанын, одан сақ болу керектігін ескертті. Әккілер алдымен сізге қор қызметкері ретінде хабарласып, бірнеше жыл еткен еңбегіңіз үшін жиналған зейнетақы мөлшерін арттыруға болатынын айтады. Сенімге кіру мақсатында жауапты мекемелер орналасқан мекенжайларды айна-қатесіз көрсетіп, сол жерге келуге шақырады. Сөйтіп «қызметті ыңғайлы әрі уақтылы алу үшін кезекке қоямыз» деп SMS-код сұрайды. Бірақ дәл осы сәтте зейнетақы қорының қызметі әрқашан тегін екенін, ешкімге ешқашан SMS-кодтарды, құпия сөздерді, банк карталарының деректемелерін және өзге де құпия ақпаратты айтуға болмайтынын естен шығармаңыз. Қор өкілдері кез келген күмәнді хабарлама немесе қоңырау түскен жағдайда ресми арналар арқылы ғана ақпаратты тексеруге шақырады.

← Все новости