Еліміздегі ақылы жолдардың кейбір бөлігінде шекті жылдамдық өзгертілді. Нақтырақ айтсақ, енді Жамбыл облысының аумағында жүргізушілер сағатына 120 шақырыммен жүйткей алады. Себебі «Қайнар – Тараз» және «Тараз – Шымкент» бағыттары «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің бір бөлігі саналады. Сондықтан аталған учаскелерде тізгіншілерге шамалы еркіндік беріліп отыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады. Сондай-ақ, «Тараз – Шымкент» арасында орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі өшіріліпті. Алайда бұл процесс тек уақытша ғана. Ал бұған дейін оңтүстік өңірде шекті жылдамдық сағатына 110 шақырым болған.
Қайыркен Отыншиев