Перейти к содержимому
· 15 просмотров

Ерекше ботаникалық саябақ ашылды

Халықаралық балаларды қорғау күніне тосынсый! Қызылордада елімізде теңдесі жоқ ботаникалық бақ ашылды. Президент саябағында орналасқан оның аумағы 3400 шаршы метр. Мұнда Қытай, Оңтүстік Африка, Жапония және Орталық Америкадан әкелінген жасыл желектер отырғызылған. «Бұл өсімдіктер жас жеткіншектердің ой-өрісін дамытып, флора әлемінің экожүйедегі маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді», дейді мамандар.

РУСЛАН РҮСТЕМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл жыл бойы жұмыс жасайтын ғылыми-биологиялық орталық деп айтуға болады. Бұл әлемде теңдесі жоқ деп тұрғанымыз, жалпы ақпараттар бойынша Сингапур мемлекетінде бар екен, содан кейін Қазақстан Республикасында, Қызылорда қаласында салынып тұр деген ақпарат бар. Бұл жоба болашақта өз әлеуетін танытады деген сенімдеміз.

Биологтардың айтуынша, бұл жер болашақта жай ғана балалар серуендейтін саябақ емес, табиғат пен ғылымды ұштастырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыратын көпфункционалды кешен болмақ. Қазіргі таңда бақта 92 түрлі өсімдік егілген. Олардың арасында Қазақстанда бұрын-соңды өсірілмеген экзотикалық талдар да бар.

ЖАНСАЯ МЕЙРАМБЕКҚЫЗЫ, БИОЛОГ-АГРОНОМ:

Қызылорданың климатында, былайынша айтқанда, бұл өсімдіктерді өсіру қиынға соғады. Ал бұл жақта біз арнайы климаттың барлығын қолдан, яғни қалыптастыру арқылы жылуды, ылғалдылықты, температураны қолдан қалыптастыру арқылы тропикалық өсімдіктерді өсірудеміз.

← Все новости