Перейти к содержимому
· 12 просмотров

Ақбаянның Атыраудағы қылмысқа қатысы бар ма?

Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасы мен бауырларының өліміне қатысы жоқ. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс құқық бұзушылық құрамның болмауына байланысты тоқтатылған. Бұл жайлы Атырау облысының прокуратурасы хабарлады. Алайда тергеу әлі аяқталмапты. Енді одан «Қылмыс туралы хабарламау» бабы бойынша жауап алынуы мүмкін. Бірақ бұған да біраз уақыт керек сияқты. Өйткені Алматыда психологиялық-психиатриялық сараптама жасаған мамандар «әрі қарай бақылауды жалғастыру керек» деген ұйғарым шығарыпты. Бір сөзбен айтқанда, Мұқанғалиеваның әрекетіне қатысты түпкілікті құқықтық баға әлі берілмеген. Нақты шешім тергеу әрекеттерінің нәтижесінен соң қабылданады.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

Ақбаян Мұқанғалиева динамикалық бақылау мен дифференциалды диагностикадан өтуі қажет. Қылмыстық қудалау органы істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық әрі объективті зерттеу мақсатында барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

← Все новости