Перейти к содержимому
· 12 просмотров

Әскери дрон төтенше жағдайда жерге қонды

Аспандағы ақау. Жамбыл облысында әскери дрон төтенше жағдайда қонуға мәжбүр болды. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқыс оқиға жоспарлы оқу-жаттығу кезінде болған. Техникалық ақау салдарынан ұшқышсыз ұшу аппараты Талас ауданының аумағында тоқтаған. Сәтін салғанда зардап шеккендер жоқ. Ешқандай нысан да бүлінбеген. Арнайы комиссия құрылып, мән-жайды анықтауға кірісіп кетіпті. Аумақты тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Комиссия техникалық ақаудың нақты себебін анықтап, қорытындысын кейін жарияламақ.

← Все новости