Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Көршісінің көлігін эвакуатормен ұрлаған

«Көршің ұры болмасын десең, есігіңе ие бол». Батыс Қазақстан облысында дәл осы тәмсілдің кейіпкерлері табылды. Оралда көршісінің көлігі ашық тұрғанын пайдаланған тұрғын ойланбастан қылмысқа барыпты. Ол еш қысылмастан эвакуатор шақыртып, өзгенің темір тұлпарын тиеп, белгісіз бағытқа алып кеткен. Абырой болғанда, тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, қолды болған машинаны қала маңынан тауыпты. Құны 8,5 миллион теңгеге бағаланған темір тұлпар заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта 31 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр екен. Полиция бұл іске қатысты барлық мән-жайды анықтап жатыр.

← Все новости