Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Балаңызды виртуалды тұзақтан сақтаңыз!

Виртуалды тұзақ. Алаяқтар енді жасөспірімдерді де құрығына түсіруді қолға алыпты. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, әккілер көбіне мессенджерлер мен әлеуметтік желі немесе онлайн ойын арқылы байланысқа шығады. Сөйтіп, былай істей қойсаң пайдаға кенелесің деп құйтұрқы әрекеттерін сатылап іске асырады екен. Мәселен, банк картаңа ақша аударамыз, оны шығарып немесе басқа картаға жіберсең, үстіндегі пайызын өзің аласың деп сендіреді. Ал шын мәнінде бұл – ұрланған қаражатты жымқыру схемасы. «Жеңіл табыс» тапқысы келген жастар айлакерлердің айтқанын бұлжытпай орындайтын болса, ұрымтал сәтте ұтымды пайдаланатын қаскөйлер қас пен көздің арасында қолды болған ақшаны әртүрлі шоттарға жіберіп, өздеріне аударып алады. Ал мұндай операциядан соң банк картасы бұғатталып, тіпті балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Полиция ата-аналар мен балаларды онлайн кеңістіктегі күмәнді ұсыныстардан сақ болуға шақырады.

← Все новости