Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Мобильді аударымдарды тексеріп бастады

Салық органдарынан СМС келсе, сескеніп жүрмеңіз. Жауаптылар жыр болған мобильді аударымдарды тексере бастады. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың сөзінше, биылғы бірінші тоқсандағы мәліметтер оларға сәуір айында келіп түскен. Сөйтіп, деректерді талдаған соң, мамырдан бастап қазақстандықтарға тиісті хабарламалар жолдана бастапты. СМС-тер негізінен 3 санат бойынша жіберіліп жатыр. Соның ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген тұлғаларға, жеңілдетілген және жалпыға бірдей салық режимінде жұмыс істейтін азаматтарға екен. Әзірге ешқайсына айыппұл салынбапты. Болашақ декларацияларда оларға бұл қателіктерді ескеріп, деректерді түзетуге мүмкіндік беріледі, деді вице-министр.

ЕРЖАН БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Мамыр айынан бастап азаматтарға салық салуға дейін апаратын тәуекелдер туралы хабарламалар мен ескертулер жібере бастадық. Біз қазір сервиске бағытталған модельге көшіп жатырмыз. Адамдарға «Біз бұл табысты көріп отырмыз, декларация тапсыру мерзімі жақындап қалды, оны есепке қосыңыз» деп айтып отырмыз. Егер сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болсаңыз, тіркелуді сұраймыз деп ескертеміз.

Еске салайын, егер жеке тұлғаның шотына үш ай қатарынан тұрақты түрде 100-ден астам адамнан аударым түсіп, оның жалпы сомасы 1 млн теңгеден асса, банктер бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетіне хабарлайды.

← Все новости