Перейти к содержимому
· 13 просмотров

Бұзық балалар ұсталды

Сәтпаев қаласының стадионындағы жағдай жұрттың жағасын ұстатты. Бесіктен белі шықпаған балалар орындықтарды қиратып тастады. Жасөспірімдердің жөнсіз қылығын сол маңдағы ата-аналардың бірі түсіріп алыпты. Доп тебумен шаруасы жоқ жеткіншектер пластмасса орындықтарды сындырып, қалдығын алаң жиегіне лақтырған. Тәртіп сақшылары бұзақыларды анықтап, вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Сондай-ақ ұлдарына дұрыс тәрбие бермеген ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тартыпты. Оған қоса стадионға келтірілген материалдық шығынды өтейтін болды.

← Все новости