Перейти к содержимому
· 16 просмотров

Әскерге шақыру жоспары орындалды

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бүгінге дейін 21 мыңнан астам жас азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Қазір Қарулы күштер, Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігін жасақтау жоспары толық орындалыпты. Жас сарбаздардың басым бөлігі алғашқы әскери дайындықтан өтіп, ант қабылдаған. Енді негізгі назар Ұлттық ұлан бөлімдерін толықтыруға аударылып отыр. Оның қатарына 7 мыңнан астам жас шақырылады. Хабарламалар азаматтарға SMS және eGov порталы арқылы жіберіледі. Бұлар ресми шақыру болып саналады. Оны алған азаматтар белгіленген уақытта әскери комиссариатқа келуге міндетті. Жалпы көктемгі науқан аясында 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат әскери қызметке шақырылады.

Рамазан Палмағамбет

← Все новости