Перейти к содержимому
· 19 просмотров

Құтқарушылар төрт баланы өрттен аман алып қалды

Астаналық құтқарушылар тағы да ерледі. Бұл жолы олар жанып жатқан пәтердің ішінен төрт баланы сыртқа алып шықты. Бірінші қабаттағы баспанадан шыққан тілсіз жау көпқабатты тұрғын үйдің ішін көк түтінге толтырған. Ыс жоғары көтеріліп, тұрғындардың өміріне қауіп төндірген. Өрт сөндірушілер автосатымен биікке шығып, кішкентайларды дер кезінде жерге алып түсті. Одан бөлек, тағы екі азамат эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Жалынның неден тұтанғаны анықталып жатыр.

← Все новости