Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 147 просмотров

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Онда еліміздің әр өңірінен келген фермерлер мен өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, сүт және ұн өнімдерін, сондай-ақ кондитерлік тағамдар, табиғи шырындар мен тосаптарды сатып ала алады. Жәрмеңке демалыс күндері сағат 10:00–19:00 аралығында «Керуен жолы» сауда орталығында өтеді.

← Все новости